Попечительский совет және ата-аналар жиналысы
Попечительский совет және ата-аналар жиналысы
№1 хаттама
Тараз қаласы
Өткізілген күні 8.10.2020 ж.
Өткізілген орны №32 орта мектебі
Басталуы 12.00-де
Қатысушылар қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар
Күн тәртібінде қаралатын мәселе
1. 2020-2021 оқу жылының І тоқсанда мектепті қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны жұмсау туралы мектеп директоры м.а. Абитова Қиял Шарипханқызы есебі
Тыңдалды
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры м.а. Абитова Қиял Шарипханқызысөз алды. Өз есебінде 2020-2021 оқу жылының І тоқсанда мектепті қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны жұмсау бойынша нақты тоқталды.
2020-2021 оқу жылында 766 оқушы білім алуда. Жалпы мектепте 1-11 сынып аралығында 40 сынып және 1 мектепалды даярлық сынып 23 оқушысымен бар.
Қарантин жағдайға байланысты мектеп қашықтықтан білім беруде. Сонымен қатар, 1-4 сынып аралығында 13 кезекші сынып бар, мұнда 158 оқушы білім алуда.
2020-2021 оқу жылында аз қамтылған жалпы бала саны 164. Барлық балаға мектеп тарапынан көмек көрсетілді. Мектепте жайсыз отбасы біреу(Глеба Руслан, 8 В сынып), мектеп тарапынан көмек көрсетілді(киім, планшет берілді). Мектепішілік есепте бір оқу тұр(Жолшыбек Нұржігіт, 9 А сынып), қалалық есепте бір бала (Исаев Данил, 7 Г сынып).
Қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты мектеп тарапынан 29 отбасындағы 86 оқушыға мектептен 12 компьютер, 7 ноудбук берілді. Соның ішінде қалалық білім бөлімінен берілген 15 планшет, 5 моноблок таратылды.
2020-2021 оқу жылының І тоқсанына мектепке аз қамтылған балаларға бюджеттен жалпы кім-кешекке 4481 мын.тенге бөлінді. Оның ішінде мектеп формасына -1891 мың тенге, қыстық куртка - 963 мың тенге, оқушы жейдесіне - 437 мың тенге, қысқы бас киімге - 350 мың тенге, қысқы аяқ киімге -840 мың тенге берілді. Жалпы соммасы – 4481 мың тенге.
Осы бөлінген қаражат бойынша мектеп формасы 1489 мың тенгеге, оқушы жейдесі – 391 мың тенгеге, қысқы бас киім 286 мың тенгеге баға ұсыс тәсілімен алынып, оқушыларға толық таратылып берілді.
Қысқы сырт киім және аяқ киімге баға ұсыныс тәсілімен сатып алу орын алмағандықтан, бұл құқық қалалық білім бөліміне өткізілді. Қалалық білім бөлімі тарапынан ұсыныстар жасалып, балаларға уақытылы қысқы сырт киім және аяқ киім беруге жағдай жасалып жатыр.
Сонымен қатар, кеңсе тауарларына 1159 мың тенге бөлінді. Оның ішінде кеңсе тауарларына 337 мың тенге бөлінің, қажетті заттар алынып оқушыларға таратылды. Мұнда оқушы дәптері мен сызғышқа бөлінген 48 мың тенге қаражат қосымша қамтылып, қазан айында оқушыларға таратылады.
Оқушы сумкасына 612,5 мың тенге бөлінген, алайда тауар жеткізуші өз міндетін толық орындамағандықтан, келісім шарт бұзылып, құжаттар сотқа жіберілді.
2020-2021 оқу жылында мектеп қашықтықтан оқуына байланысты 216 мың тенгеге 4 дана кварц лампасы, 2 дана санитайзер, 10 лирт антисептик, 2 дана тепловизер алынды.
Қазан айында облыстық бюджеттен 1462 мың тенге бөлінді. Осы қаражатқа 40 санитайзер, 1000 маска, 294 литр антисептик, 200 литр антибактериалдық суйқ сабын алу жоспарлануда. Сонымен қатар, 100 роутер және осы роутерге 3 айлық интернет 297 мың теңге алу жоспарлануда.
Шешімі:
- 2020-2021 оқу жылының І тоқсанда мектепті қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны жұмсау туралы мектеп директоры м.а. Абитова Қиял Шарипханқызы есебі «қанағаттанарлық» деп табылсын.