Бос орындарға конкурс жариялау » СШ №32
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7262)57-64-12
Қосымша байланыс:
+7(7262)57-67-22
Версия для
слабовидящих
» » Бос орындарға конкурс жариялау
04
октябрь
2022

Бос орындарға конкурс жариялау

Бос орындарға конкурс жариялау!!!
"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №32 ОРТА МЕКТЕБІ"
отдела образования Кербулакского района бос орындарға
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (оқыту тілі – орысша, қазақша) 1 жүктеме.
Лауазымдық міндеттері: 
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
1.Оқу процесінің ұйымдастырылуына басшылық етеді, оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
2. Мектептің ағымдағы және алдағы іс-әрекетін жоспарлауды ұйымдастырады.
3. Сыныптардың сабақ кестесі, оған басшылық және бақылау жасау.Оқу бағдарламаларының орындалуы, оқушылардың білім сапасына жауап береді.
4.Расписание уроковн жасап, сынып журналының жүргізілуін қадағалайды /1-11 сынып/
5.Оқу үрдісінің талапқа сай жүргізілуіне жауапты, әкімшіліктің кезекшілік кестесі бойынша оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалайды.
6. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылардың оқу үрдісінде сабақ кестесіне сай өткізілуін, журналын қадағалайды.
7..Жалпыға бірдей білім беру заңдарының орындалуына басшылық жасайды.Оқушылар қозғалысына жауапты.
8 .Білім үрдісінің мониторингін жүргізеді, оқу сапасын тексереді.
9. Пәндер бойынша техника қауіпсіздігінің ережелерінің
қатаң сақталуына бақылау жүргізеді.
10. Мектептің педагогикалық кеңесін дайындауға, өткізуге ат салысады, оның қаулысының орындалуын қадағалайды. Ауысымдағы пән кабинеттерінің санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуын қадағалайды.
11. Әр тоқсан сайын және жыл соңындағы білім сапасы мен үлгерім сапасының есебін білім бөліміне өткізуге жауапты.
12.Оқу ісіне байланысты белгіленген есеп құжаттарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етеді.
13. Емтиханға әзірлік және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.
14. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша қабылдайды.
15. Оқушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасайды.
16. Оқу үрдісінің басқа түрлерімен қатар, уақытша жоқ мұғалімдер сабақтарын уақтысында және сапалы түрде ауыстыруды қамтамасыз етеді, ауыстырылған сабақтардың есебі жайлы журнал жүргізеді.
17. Бекітілген есептік құжаттарды уақтысында құрастыруымен қамтамасыз етеді, мұғалімдер мен сынып журналдарын, басқа құжаттардың дұрыс және уақтысымен жүргізілуін бақылайды.
18.Технология,бейнелеу,сызу,д/ш,математика,физика,информатика сабақтарына қатысады, талдайды.
20.ОЖСБ жоспарын жасап, жыл бойы оқушыларды ОЖСБ – ға дайындау жұмысын ұйымдастырады.
21. ЕНТ жоспарын жасап, жыл бойы оқушыларды ЕНТ-ға дайындау жұмысын
ұйымдастырады.
22.Оқушыларды белгілі бір мамандықка бейімдеу жұмыстарын жүргізеді, бағдарлы және бағдаралды жұмысқа басшылық жасайды
23. Бітіруші сынып жетекшілерінен бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат жинау бойынша жұмысын бақылайды.
24. Оқу процесіндегі әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуына басшылық етеді,
оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындауын қамтамасыз етеді. Пәндер
бойынша күнтізбелік жоспармен күнделікті сабақ жоспарының талапқа сай болуына
жауап береді.
25. Педагогикалық кадрлардың кәсіптік шеберлігі мен біліктілігін арттыруды
ұйымдастырады.
26. Оқыту процесін жетілдіру жайында ұсыныс енгізеді.
27. Әдістемелік бірлестіктер жұмысына басшылық жасайды, олардың жылдық
жұмысына талдау жасайды.
28. Преподавателидің нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша іс-шаралар
ұйымдастырады.
29.Педагогикалық қызметкерлердің аттестациясын дайындауға жауапты және оны
өткізуге қатысады.
30. Кабинеттер мен зертханалардың қазіргі заманға сәйкес техникалық құралдармен, оқулықтармен, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыруды қамтамасыз етеді. Пән кабинеттерінің жабдықталуына әдістемелік тұрғыда көмек көрсетеді. Оқу кабинеттерінің, шеберхананың төлқұжатын ұйымдастырады
31. Қолданбалы курстар мен таңдау курстарының бағдарламаларының талапқа сай жасалынуына басшылық етеді және оның талапқа сай жүргізілуін қадағалайды.
32..Пәндік олимпиадалардың өткізілуін ұйымдастырады, қалалық, облыстық олимпиадаға оқушыларды қатыстырады.Оқушылардың ғылыми жобамен айналысуын және оған қатысуын ұйымдастырады.
33. «Жас мамандар» мектебінің жұмысына басшылық жасайды.
34. «Озат мұғалімдер» мектебінің жұмысына басшылық жасайды.
35.Инновациялық бағдарламалар, технологияларды меңгеруде педагогикалық қызметкерлерге көмек керсетеді.
36. Дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастырады.
37. Рик – 83 есебін жасап өткізеді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын (30.08.1995), Қазақстан Республикасының "Білім туралы"(04.12.2015ж), «Еңбек кодексі» (15.05.2007), "Бала құқығы туралы"(8.08.2002ж) Заңдарын, «Ар-намыс кодексін» және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психологияны, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, қазіргі заманғы педагогика-психологиялық ғылымның және практиканың жетістіктерін, әлеуметтану, экономика негізін, еңбек заңнамаларын, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық жұмыстарының сұрақтарын, еңбек қорғаудың ережесі мен нормасын және техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты.
Қазақ және орыс тілін жақсы меңгерген, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Қосымша лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Лауазымдық жалақысы: 152 000 мың тг
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/
академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті.
Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шарты 1 жылға жасалынады;
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар 32-taraz.mektebi.kz мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
2022-2023 оқу жылдың 5 қазаннан бастап 7 (жеті) жұмыс күнінде мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізе басталады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар қаралады, ол мына күндер: 14.10-20.10.2022 ж күндері.
Шешім шығару күні: 21.10.2022 жыл

Конкурс өткізілетін орын:
Тараз қаласы, Қыдырғали-Жалаири №31 мекен жайында орналасқан №32 орта мектебінің 2 қабатында қабылданады. Контакты телефондары: 57-64-12.
Электронды адресс:shool_taraz32@mail.ru

Құжат қабылдау мерзімі:
2022 жылдың 5.09-13.09.2022ж күндер аралығында жүргізіледі.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив