02
сентябрь
2019
«Адалдық сағаты» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаттары туралы мәлімет
№32 орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының 2 қыркүйек күні бірыңғай «Адалдық сағаты» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. «Адалдық сағатының» мақсаты өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын сіңіру,рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту,сыбайлас-жемқорлықпен күресу. Іс-шараға жалпы 692 оқушы қамтылды.Іс-шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, оған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қойкенов Арнұр Берикович мырза қатысып,оқушылармен ой бөлісіп, мектеп оқушыларын жаңа 2019-2020 оқу жылымен құттықтады.