Бос орындарға конкурс жариялау » СШ №32
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7262)57-64-12
Қосымша байланыс:
+7(7262)57-67-22
Версия для
слабовидящих
» » Бос орындарға конкурс жариялау
10
октябрь
2022

Бос орындарға конкурс жариялау

Бос орындарға конкурс жариялау!!!
 "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №32 ОРТА МЕКТЕБІ"
 отдела образования Кербулакского района бос орындарға
 КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
 
 
 Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі (оқыту тілі – орысша) 1 жүктеме. Тұрақты орын
 Лауазымдық міндеттері: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар  мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді  әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне, мектептегі Даңқ бұрышына ,  және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
 Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілерді және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді.
 Біліктілікке қойылатын талаптар: БӘД арнайы пән мұғалімі жоғары педагогикалық білім болуы керек. Пәннің берілу әдістемесін жасауы, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдануы, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру мекемесінің шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
 Орыс тілін жақсы меңгерген, кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар, тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
 және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
 және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
 Лауазымдық міндеттері:
 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
 білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
 білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
 білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
 пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
 бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
 журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
 оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
 оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
 білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
 оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
 білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
 инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
 ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
 арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
 интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
 әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
 ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
 ата-аналарға кеңес береді;
 кәсіби құзыреттілікті арттырады;
 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
 білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
 ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
 тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
 білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
 
 Лауазымдық жалақысы: 130 000 мың тг
 
 

Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (оқыту тілі – орысша, қазақша) 1 жүктеме. 
 
 Біліктілікке қойылатын талаптар:
 Орыс тілін жақсы меңгерген, кемінде 
5 жыл жұмыс өтілі бар, тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
 және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
 және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
 Лауазымдық міндеттері:

  Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:

1. Талдау жасайды:

∙      тәрбие процесін проблемаларына;

∙      тәрбие жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелілігіне;

∙      тәрбие жұмыстары саласындағы жай-күйі мен перспективалық мүмкіндіктеріне;

∙      оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп отыру мақсатымен олардың тұрмыс жағдайына, талап-тілектеріне, проблемаларына;

∙      мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің тәрбие ісі саласындағы кәсіби біліктілігі деңгейіне;

∙      оқушылардың тәрбиелілік жағдайына;

∙      алдындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға педагогика ұжымының даярлығына.

2. Қандай да бір тәрбиелік шараларды жүргізудің тиімділігіне болжам жасайды.

3. Әзірлейді және белгілейді:

 ∙   үйірмелер мен қосымша білім беру пәндеріне арнап «СанПиНомға» және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының кестесін;

∙       тәрбие жұмыстарының кешенді-мақсатты бағдарламасын;

∙       өз міндеттеріне сәйкес бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларын;

∙       өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;

∙       оқушыларға тәрбие беру жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру бағытында жоспарлар;

∙       мәдени-тәрбиелік шаралар әзірлеп, оларды өткізу жұмыстарын;

∙       өз міндеттеріне сәйкес тәрбие қызметінің мәселелері бойынша есеп беру құжаттарын және анықтамалық материалдар;

∙       дамыту бағдарламасының жекелеген фрагменттерін, өзге де стратегиялық құжаттарды.

4. Жоспарлайды және ұйымдастырады:

∙      тәрбие жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыруды;

∙      тәрбие жұмыстарын;

∙      аға вожатыйлардың, сынып жетекшілерінің, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша қосымша білім беру педагогтарының қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды;

∙      сенбіліктер, «таза бейсенбіліктер», сыныптан тыс шаралар өткізуді;

∙      оқушылар арасындағы тәрбие жұмыстарының мазмұны мен технологиясы туралы мәселелер бойынша педагогикалық ұжымда өткізілетін әдістемелік оқуларды;

∙      оқушылардың ата-аналарымен, жалпы мектептік ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыстарды;

∙      «Табиғаттың жас достары», «Жол қозғылысының жас инспекторлары», наркологиялық посттар, экологиялық патрульдер жұмысын, СПИД-тің алдын алу жөніндегі жұмыстарды;

∙      оның территориясын көріктендіру жөніндегі жұмыстарды;

∙      «қиын» оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды, балаларды қадағалау органымен және қоғамдық ұйымдармен байланысты;

∙      жарыстарды, экскурсияларды, мейрамдарды;

∙      сынып жетекшілерінің, қосымша білім беру, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша мұғалімдердің қызметін;

∙      оқушыларға қосымша білім берудің авторлық және бейімбелген бағдарламаларын жасауда мұғалімдерге көмек көрсетуді;

∙      тәрбие жұмыстарының мазмұнын, формасын және әдістерін;

∙      сыныптан тыс жұмыстарға қатысты оқу-материалдық базаларын нығайту жөніндегі жұмыстарды.

5. Қамтамасыз етеді:

∙      құрылымдарының ата-аналар комитетімен, тиісті комиссиялармен, қамқоршылар кеңесімен т.б. өзара әрекеттестігін;

∙      білім беру жүйесіндегі тәрбие процестерін ұйымдастыруда жаңа тәсілдердің қолданылуын;

∙      тәрбие процесінде қолданылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін;

∙     физикалық тәрбие, спорттық сауықтыру және әскери-патриоттық, салауатты өмір салты процестерінің үйлесімді дамуын;

∙     өз міндеттеріне сәйкес жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының, мүдделерінің ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалуын;

∙     оқушылардың сыртқы көрінісі мен бірыңғай формасы бойынша қойылатын талаптардың орындалуын;

∙     мұғалімдердің үзілістерде белгіленген график бойынша кезекшілік етуін;

∙     оқушылардың таңертеңгілік сапқа тұруы (линейкасы) директор бекіткен график бойынша өткізілуін.

6. Басқарады:

∙     моральжық-психологиялық қолайлы климат жасау жөніндегі жұмыстарды;

∙    көріктендіру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды.

7. Бақылау жасайды:

∙    тәрбие беру процесінің сапасына бақылау жасайды, оқушылардың сынып сағаттарына және басқа да мәдени-тәрбиелік шараларға (оқу жылында 150-180 сағаттан кем емес) қатысады;

∙    сынып жетекшілерін курстық даярлау және қайта даярлау жоспарының орындалуына;

∙    үйірмелер, секциялар жұмысына және қызметкерлері атқаратын басқа да тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстарына;

∙    мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жеке жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға;

∙    сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына;

∙    психологтың орта буын және аға буын оқушылармен жүргізетін жұмыстарына;

∙    әлеуметтік және полицейлік қызметке;

∙    әскери-патриоттық тәрбиеге;

∙    қосымша білім беру сабақтарына аналған санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына;

∙    сыныптарда тәрбие жұмыстары жөніндегі құжаттамалардың, сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне;

    өз міндеттеріне сәйкес тәрбие процесін дамыту саласы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына.

8. Үйлестіреді (және көмектеседі):

∙    сынып жетекшілерінің оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша атқаратын қызметін;

∙    тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу, жалпы мектептік мәдени-тәрбие шараларын өткізу жөніндегі жұмыстарды;

∙    тәрбие процестерін қамтамасыз ететін әкімшіліктері, қызмет орындары және бөлімшелері өкілдерінің қоғамдық және құқық қорғау органдарының, ата-аналардың, ата-аналар комитетінің өкілдерімен өзара әрекеттестігін;

∙    экологиялық патрулі қызметін.

9. Бағалайды, сараптайды:

∙     оқушылары арасында болған жазатайым оқиға жағдайларын;

∙     өз міндеттеріне сәйкес оқушыларға тәрбие беру мәселесі бойынша стратегиялық құжаттарын;

∙     сынып жетекшілері тарапынан оқушылар арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын;

∙     сынып жетекшілерінің оқу тәрбие процесін жетілдіруге байланысты ұсыныстарын.

10. Кеңес береді:

∙     мұғалімдер мен ата-аналарға тәрбие процесінің мәселелері бойынша;

∙     мұғалімдер мен ата-аналарға оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша.

11. Баспаға дайындалатын оқу-тәрбие процесі жөніндегі материалдарды-сынып сағаттарының әдістемелік әзірлемелерін, зерттеулер мен эксперименттер нәтижелерін т.б. редакциялайды, түзетеді.

12. Хабардар етеді:

∙    әкімшілікті және мұғалімдерді тәрбие процесіндегі, білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде;

∙    өз міндеттерінесәйкес кітапханалық, полицейлік, әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарын тәрбие процесінің мәселелері жөнінде.

13. Тыйым салады:

∙    мәдени-тәрбие шараларын өткізу кезінде типтік тізбелерде қарастырылмаған жабдықтар мен приборларды, соның ішінде қолдан жасалған заттарды пайдалануға;

∙    орын-жайларында оқушылар мен қызметкерлер денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар пайда болса, ол жерлерде білім беру процесінің жүргізілуінде.

14. Қатысады:

∙    педагогикалық кеңестер жұмысына;

∙    жоғары орындар ұйымдастырып, өткізетін кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер жұмысына, «дөңгелек стол» отырыстарына және басқа шараларға;

∙   тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуге;

∙   оқушылар контингентін жасақтауға;

∙   педагогтары мен өзге де қызметкерлерін аттестаттауға әзірлеу және оны өткізу ісіне;

15. Жетекшілік етеді:

∙   кәмелетке толмағандардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын әлеуметтік қорғау ісіне;

∙   сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына;

∙   аға вожатый, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогтары мен полиция өкілі жұмыстарына;

∙   балалар мен жастар ұйымдары қызметіне;

∙   кітапхана қызметіне.


 
 Лауазымдық жалақысы:
 152 000 мың тг
 
 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат;
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
 10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
 кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/
 академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
 Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
 
 
ØЖұмысқа қабылдау барысында еңбек шарты 1 жылға жасалынады;
 
ØБос жұмыс орындары туралы хабарландырулар 32-taraz.mektebi.kz мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
 
Ø2022-2023 оқу жылдың 11 қазаннан бастап 7 (жеті) жұмыс күнінде мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізе басталады.
 
ØҚұжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар қаралады, ол мына күндер: 20.10-27.10.2022 ж күндері.
 
ØШешім шығару күні: 28.10.2022 жыл
 
 Конкурс өткізілетін орын:
 Тараз қаласы, Қыдырғали-Жалаири №31 мекен жайында орналасқан №32 орта мектебінің 2 қабатында қабылданады. Контакты телефондары: 57-64-12.
 Электронды адресс:shool_taraz32@mail.ru
 
 Құжат қабылдау мерзімі:
 2022 жылдың 
11.10-19.10.2022ж күндер аралығында жүргізіледі.

Похожие публикации:

12 октябрь 2022 Хабарландыру
12 октябрь 2022 Хабарландыру!!!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerKeymn
5 февраля 2023 11:04
Детально на сайте

скачать форза 2
klsieolwerKeymn
5 февраля 2023 14:25
Подробно на сайте

скачать xbox live