Бастауыш сынып мұғалімі » СШ №32
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)57-64-12
Қосымша байланыс:
+7(7262)57-67-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Бастауыш сынып мұғалімі
16
январь
2023

Бастауыш сынып мұғалімі

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №32 ОРТА МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Бастауыш сынып мұғалімі (1 жүктеме-тұрақты орын).
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – мастер" санатының болуы.
Білуге міндетті: Қоғамның өндіріс күштерінің өзгеруі, экономикаға көшу демократиялық бетбұрыс, мұғалім алдына үлкен міндеттер жүктейді, оқу ағарту саласындағы артта қалушылықты жою оқу-ағарту ісін бүтіндей қайта құруды талап етеді. Бұның бәрі мектеп арқылы іске асатыны белгілі, мұғалім мектептегі басты тұлға. Ол бұқаралық-саяси, мәдени-ағарту және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қабілеті мол, өз мамандығынан теориялық және тәжірибелік терең білімі бар адам. Мұғалімнің қоғамдық прогрестегі ролі, мамандығының әлеуметтік мәні осында. Сонымен бірге мұғалімге кәсіптік педагогикалық талаптар да қойылады. Ең алдымен мұғалім терең білімді, өз Отанын шексіз сүйетін, оның дүние жүзі алдындағы беделін жете түсінетін, соған үлес қосатын білімдар адам. Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуінде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
- жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы;
- педагогикалық байланысты пәндерден – психологияны, ЖПП физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек;
- оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білуі керек;
- жұмысына шығармашылық көзқарас;
- баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм;
- педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей білу;
- педагогтік әдептілікті тактіні меңгеру;
- балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.
Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы керек. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Лауазымдық міндеттері:
Мұғалім оқушылар үшін ҮЛГІ.Мұғалім оқу процесінің барлық жағдайында оқушыларды барынша қызықтыруы тиіс. Ол оқушыларға немесе ата-аналарға ұстаз немесе мектеп туралы сын айтуға себеп бермеуі керек. Сабақ барысында көрнекі құралдарды пайдалану өте маңызды (видео, плакаттар, интерактивті тақта, суреттер және т.б. цифрлы технологияларды ) .Өз пәнін жете білу, дауыс екпіні, дұрыс интонация мен әдепті жүріс-тұрыс пәннің сапасы мен өнімділігін арттырады. Мұғалімде сапалы ресурстар мен материалдар болу керек. Мұғалім күнделікті және ұзақ уақытқа арналған тиімді оқу жоспарын жасау қажет. Мұғалім күнделікті сабақ жоспарын дайындап, әкімшілікке таныстырады. Осыған қоса ол бір апта бұрын күнделікті сабақ жоспарларының жалпы макетін жасап, үй жұмысының әр күнге байланысты көлемін (әр сыныптың нормалық уақытына байланысты) тапсырмаларын, бақылау жұмыстары мен тестілерін алдын ала көрсетіп отырады. .Мұғалім оқу прогресі мен бағалардың нақты есебін жүргізіп отырады. .Мұғалім оқушыға барынша тиімді сабақ беруі үшін басшылықпен, ұжыммен және ата-анамен бірлесе жұмыс істейді. .Мұғалім оқушылардың тәртібін қадағалап, оларға бағыт-бағдар береді. Оларға сыныпта және сыныптан тыс жақсы жағдай жасайды.Мұғалім мектеп құрал-жабдықтары мен оқу материалдарын өзінің меншігіндей ұқыпты ұстауы керек. Ұстаз әр затты дұрыс пайдаланып, ысырапшылдыққа жол бермеуі қажет. Осыған қоса сыныпты өте таза ұстау керек. Мұғалім сыныпта мейірім мен достық қарым-қатынасын қалыптастыру керек. Кәсіби тұрғыдан жетілу – әр мұғалімнің міндеті.
Лауазымдық жалақысы:120000-180000мың тг

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив