«Ақындық өнер – ел ардағы, талант өлшемі» деген тақырыпта арнайы кездесу кеші ұйымдастырылды.
Тіл мен әдебиет – көркем сөздің
қуаты, ал мәдениет пен өнер – өмірдің азығы. Осыған орай
бүгін мектебізде «Ақындық өнер – ел ардағы, талант
өлшемі» деген тақырыпта арнайы кездесу кеші
ұйымдастырылды. Кешіміздің құрметті қонағы –
жыр жолдарынан өрнек өрген, сөз маржандарын
тере білген, тіл құдіреті мен сөз қадірін бүгінгі жастарға
мирас ету жолында үздіксіз,тынымсыз еңбек етіп
келе жатқан дарынды тұлғаларымыздың бірі және
бірегейі – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан
ауылының тұрғыны, жазушылар одағының мүшесі,
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қ.Р. Мәдениет
саласының үздігі, қарымды қаламгер, ақын – сазгер
Қасқырбай Нарбатыр Дәрібайұлы!
Құрметті Қасқырбай мырзамен Сұхбат алаңында жырларынан туындаған өткір ойлар мен ізгі тілектерден еркін пікіралмасу өтілді. Ақынның өзі өлеңдерінен үзінділер оқып, оқушылардың да орындауларында өлең шумақтары тыңдалды. Оқырмандар поэзия әлемінен тереңінен сусындап, үлкен қызығушылық танытты.