«Ел мен ердің жеңісі» » СШ №32
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)57-64-12
Қосымша байланыс:
+7(7262)57-67-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ел мен ердің жеңісі»
30
май
2017

«Ел мен ердің жеңісі»

«Ел мен ердің жеңісі»
(Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара сценарийі)
 Жүргізуші (Гүлназ):
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Ұлы Отан соғысы, яғни Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Елінен де, өзінен де күй кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
Сол әскери киімдерін сүйретіп.
 Қарсы алыңыздар алдарыңызда 5 «Б» сыныбының оқушысы                               
Нұрмахамбет Диананы «САРБАЗДАРЫМ» әнімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші (Гүлназ):
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып - жоюға бағышталған. Адам, адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай - ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.
Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,
Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты.
Құс сайрап, жануарлар сайран салып,
Жайқалып өсімдіктер шешек атты – дей келе сахна төрінде  «СЧАСТЛИВЫЙ МАЙ» әнімен 4 «В» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!
Жүргізуші
Жетпіс екі жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
Жетпіс екі жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің елдің үстімен ұшпағалы
«АРДАГЕРГЕ АРНАУ»  сахнада  Серік  Балғын.
Жүргізуші:
Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Жетпіс екі  жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
Жетпіс екі жыл – шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері жетпіс екі рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Қарсы алыңыздар сахнада «КАТЮША ҚЫЗ» әнімен 4 «А» сынып оқушылары!
Жүргізуші:
Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда оқушылардың Жеңіс күніне арналған өлең шумақтарын тарту етеміз!
Жүргізуші:
Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып Отанды азат етіп,
Құрметтеп қарсы алады жеңіс күнін – олай болса, сахна төрінде 4 «А» сынып оқушыларының «СМУГЛЯНКА» биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- сахнада 2 «В» сынып оқушыларының орындауында
«ДЕНЬ БЕЗ ВЫСТРЕЛА» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке - аға, інінің. 7 «В» сынып оқушысы  Ибрагимова Диляраның орындауында «СИНИЙ ПЛАТОЧЕК» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
  Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына да 72 жыл толды. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата - баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын!
 «ЖУРАВЛИ» орындайтын Гүлдана Даниярқызы
ФИНАЛ. «ДЕНЬ ПОБЕДЫ»
Жүргізуші:
Ел - жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив