физика пәнінің мұғалімі » СШ №32
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)57-64-12
Қосымша байланыс:
+7(7262)57-67-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » физика пәнінің мұғалімі
19
январь
2023

физика пәнінің мұғалімі

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №32 ОРТА МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Физика пәнінің мұғалімі (1 жүктеме-тұрақты орын).
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – мастер" санатының болуы.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды
Лауазымдық міндеттеріФизиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.
Оқыту технологиясы – қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы

Оқытуды гуманизациялау – барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдік көзқарас, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының негізгі саласының бірі болып табылады.
Қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты әрбір ғылым негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінші оларды оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту әдістемесі ждеке ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда. Барлық жеке пәндерді оқыту әдістері дидиактикаға негізделеді.Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.Мектепте физиканы оқыту барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде жоспар бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқыту әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.Мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.
Білім беру міндеті – физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті – оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті – негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келеді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру барысында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді: оқушыларға физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.Орта мектептерде физиканы оқыту мақсаттарын топтап, әр топқа сәйкес оқытудың нақты мақсаттарын мына кесте арқылы көрсетуге болады:
Лауазымдық жалақысы:132 000 мың тг

Похожие публикации:

12 октябрь 2022 Хабарландыру
12 октябрь 2022 Хабарландыру!!!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerKeymn
5 февраля 2023 12:26
Детальнее на сайте

rise of the tomb raider xbox 360
klsieolwerKeymn
5 февраля 2023 14:08
Подробнее после этого

xbox 360 все игры
Barb
26 ноября 2023 11:23
Hello exceptional website! Dooes running a boog such aas this take a lot
of work? I've noo expertide in pprogramming but I waas hoping too start my own blog in thee neear future.

Anyhow, should you haave anny recommesndations or techhniques forr neew blog owners please share.
I uunderstand thiss iis offf subject hoever I simply needewd to ask.
Many thanks!

My homepage xxx tube