25
август
2018
№32 орта мектебі директорының 2017-2018 оқу жылының маусым, шілде, тамыз айларындағы атқарылған жұмыстары туралы Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі
№32 орта мектебі директорының 2017-2018 оқу жылының маусым, шілде, тамыз айларындағы атқарылған жұмыстары туралы
Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі
Мақсаты: мектептегі
оқу-тәрбие жұмыстарын оңтайлы жүргізу
мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату , жаз айларында
атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру.
Қазақстан
Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін
жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев еліміздің
әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу туралы алдымызға міндет
қойғаны баршаға мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде
маңызды рөл атқарады. Сол мақсатқа қол жеткізуде біздің №32 орта мектеп ұжымы
да аянбай еңбек етуде. Жалпы мектебімізде барлығы 83 мұғалім жұмыс істейді.
Оның жоғары санаттағысы – 20 мұғалім - 24,09 % , I санаттағысы
– 16 мұғалім -19,27 % , II санаттағысы
- 22 мұғалім – 26,5 % ,санаты жоғы– 25
мұғалім - 30,1% - ды құрады. Жалпы
мектеп бойынша 38 сынып комплектісі бар. Оның 6-ы даму мүмкіндігі тежеу
сыныптар.Мектепалдыдаярлық сынып саны -3.
2018-2019 оқу жылын 676 оқушы аяқтады. Оқушылардың 2018-2019 оқу
жылындағы білім сапасы 61 % -ды көрсетті. Үздіктер саны – 74 ,Екпінділер саны -
339, орташа оқитын оқушылар саны -263. 2017-2018 оқу жылында 1,2,5,7 сыныптар
жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Қазіргі таңда 5 күндік оқу күніне
көшіріліп, жаңаша талаптармен білім алуда. Білім берудің мазмұнын жаңарту -
Білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін, Қазақстандық білім берудің үздік
практикасын кіріктіру және баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Жаңартылған
мазмұнда оқытудағы басты мақсат - баланың алған білім мен дағдыларын кез келген
жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы.Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда
мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда мұғалімдер 90 % жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ
беруде.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылатын сыныптарда критериалды
бағалау жүйесі енгізіліп, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан қарқынды
жұмыстар жүргізуде. Критериалды бағалауды енгізудегі басты
мақсаты:Мектепте оқыту сапасын жоғарлату және мектеп бітірушілердің білімін
халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Президентіміз
Н.Ә. Назарбаев «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтардың білімімен
өлшенеді» деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда, мектеп мәртебесінің негізгі
көрсеткіші болып табылатын пән олимпиадасы бойынша да оқушыларымыз жоғары
көрсеткіш көрсетті. Қалалық пән олимпиадасында: Қазақ тілінен 2 - I орын,орыс тілінен 1 - I орын,математикадан 1 - III орынды
иеленсе,облыстық пән олимпиадасында орыс тілінен 1 - III орын,қазақ тілінен 1-
II орынды иеленді.Оқушыларды дайындаған ұстаздары мектеп директорының Алғыс
Хатымен марапатталды.
ҰБТ
мектептің бір жылдық еңбегінің жемісі және мектеп рейтингін көрсететін негізгі
көрсеткіш. Егер балаларыңыз жоғары ұпай алып, жетістікке жетіп жатса сіздер
үшін ол бір қуаныш, ал біз үшін түлектеріміздің жоғары нәтижесі мың қуаныш.
Сондықтан ҰБТ-ден жоғары нәтижеге қол жеткізіп, мектеп мәртебесін асқақтату
біздің басты мақсатымыз. 2017-2018 оқу
жылында мектепті 16 оқушы аяқтады. Оқыту тілі қазақша.ҰБТ-ға қатысуға 16 мектеп
бітірушінің 14-і өтініш білдірді, бұл көрсеткіш мектеп бітірушілердің 87,5%
(2017 жылы – 83,3%) құрайды.2017-2018 оқу жылындағы қатысу пайызы 4,2% артып
87,5% құрады. ҰБТ қорытындысы бойынша
орташа балл 78,1 ,бұл көрсеткіш 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда 11,8 балға
артты. Ең жоғарғы көрсеткішті 111 балл(Б.Төлеубеков), бұл көрсеткіш 2017 жылмен
салыстырғанда 12 балға артты. Ең төмен балл 65 (А.Уалиханова, Ә.Улусбай).Шығармашылық таңдаған 4 оқушының 2-і 29
балл(Н.Хандамов, Д.Ардаққызы) жинаса, Б.Серікқызы 35, Г.Кожебекова 34 балл
жинады.Шекті балл жинаған оқушы жоқ.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры.
Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Мектебіміздің 1984-1986 оқу жылындағы
мектеп түлектері бастаманы қолға алып, мектебімізге электронды жүгіртпе жол
тақтайшасын сыйға тартты.Кез келген жаңалықтардан оқушылар хабардар етіліп отырылады.Осы
жылдың елеулі жаңалықтарының бірі электронды журналдың жүргізілуі. Электронды
журнал жаңартылған білім беру мазмұнындағы 1,2,5,7 сыныптарда оқитын
оқушылардың оқу жетістіктерін ғаламторға жүктеп, ата-аналарға бағаларын көріп,
баланың күнделікті сабаққа қатысуы мен жетістігін бақылауға мүмкіндік берді.
Біздің мектепте де электронды журнал жүргізіліп, күнделікті оқушы жетістігі
жүктелуде,дегенмен де ата-аналардың әлі де болса электрондық журналға
кіріп,баласының бағасын көру көрсеткіші төмен.
2017 жылдың 3 сәуірінде елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев үшінші жаңғыру басталғанын жариялап, «Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жолдады. Осы бағытта оқушыларды Отансүйгіштікке,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектебімізде 1-11 сынып аралығында көптеген
іс-шаралар атқарылды. Мектеп кітапханасында арнайы бұрыш және мектеп фоесінде
стенд ілінді.Елбасының бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында арнайы
жоспар құрылып, іске асырылуда. «Болашаққа
бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің дамуында ерекше орын алатын,
рухани дүниеміздің түгенделуіне, саналы ұрпақ, сапалы болашақ қалыптастыруда
ерекше маңызды алты түрлі бағытты атап көрсеткен болатын. 2017-2018 оқу жылында
біздің мектебімізде де түрлі іс-шаралар жүргізіліп отырылды.Атап айтсақ, «100
есімге» үміткер Бексұлтанова Анармен кездесу, «Мектепке тағзым!» акциясы
бойынша кездесу,Туған жердің киелі жерлеріне саяхат, «Рухани жаңғыру» аясында сыныптан тыс уақытта өткізілген түрлі
іс-шаралар,тәрбие сағаттары. Солардың біріне тоқталып өтсек, мысалы, қалалық
білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ұлы дала ұландары» атты балалар
шығармашылық фестивалінде мектебіміз жүлделі 2 орынға ие болды. «Рухани
жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарының бірі – «Ұлттық бірегейлікті сақтау»,осы
бағыттағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі- қала көлемінде өткізілген «Кішкентай
ханшайым-2017» байқауында 3 сынып
оқушысы Бексұлтанова Адема жүлделі 3 орынды иеленсе, қалалық «Тараздың инабатты
аруы- 2018» байқауының Бас жүлдесін мектебіміздің 11 сынып оқушысы Жеңісбаева
Айдана жеңіп алып,облыстық байқауда жүлделі III орынды иеленді. «Атадан тал қалғанша ,мал
қалсын!»атты ағаш егу акциясында ата-аналар
белсенділік танытты. Әртүрлі іс-шаралардың өтуіне ат салысып,демеушілік
танытқандарыңыз үшін мектеп әкімшілігі атынан ата-аналарға алғыс білдіреміз.
Заман
талабына сай, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды
даярлап, олардың бойында Қазақстандық патриотимзді , төзімділікті, жоғары
адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны
қалыптастыру және ғылымға, өнерге, мәдениетке деген құштарлықтарын оята білу –
мектепшілік үйірмелердің басты мақсаты. Мектебімізде осындай мақсатта, әр түрлі
бағыттағы 30 үйірме жұмыс жасайды. Жалпы мектеп бойынша 589 бала үйірмемен қамтылған, оның ішінде 471
оқушы мектепшілік үйірмеге қатысып, мәдениет, спорт, қолөнер және экология және
тіл бағыттары бойынша жоғары жетістіктер көрсетіп, мектептің дамуына өз
үлестерін қосуда. Осы оқушыларды қала, облыс,көлемінде өтіп жатқан байқауларға
қатыстыру барысында ата-аналар мен жетекшілерінің еңбегі зор. Мектебімізде
оқушылары үлкен жетістіктерге жеткен үйірмелердің бірі «Экология және біз»,«Қазақ
тілінің синтаксистік негіздері» , «Грация» би үйірмесі, «Волшебные краски» және
«Волейбол» үйірмесі.
Оқу-тәрбие
процесіндегі өзекті проблемалардың бірі- жасөспірімдер арасында құқық
бұзушылықтың алдын алу.Біздің мектебімізде биылғы оқу жылында қалалық
,мектепішілік есепте оқушы жоқ.Бұл бәріміз үшін қуантарлық жағдай.
Жалпыға бірдей міндетті білім беруді қамтамасыз ету
шараларына тоқталып өтейін.Мақсаты: Мектептің шағын учаскесіндегі балаларды
және оқушыларды есепке алу, оқуға тарту, жалпыға бірдей білім берумен қамту.
Міндеті: Оқушыларды ыстық тамақпен қамту, мүгедек балаларды анықтау, оралман
балаларды тізімге алу, тамыз, қаңтар, наурыз, мамыр айларында есеп жүргізу,
мектептің шағын учаскесінде тұратын оқушыларды мектепке қамту ,есепке алу,
оқушыларды оқулықпен қамту, жағдайы төмен және әлеуметтік топтардағы балаларды
анықтау. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылардың ата-анасына
көмек көрсету. Осы орайда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтейін: Жалпы
біздің мектепке қарасты шағын ауданда 0-18 жас аралығында барлығы 1746 бала
есепке алынды.Үйде - 344, бала бақшада -230,өз мектебімізде - 434,Арнаулы орта
оқу орындарында - 46,жоғары оқу орындарында -18,интернатта -3, КТЛ - 12,жеке
мектептерде -7,денсаулығына байланысты -2 мүгедек бала.
2018-2019 оқу
жылы мектеп бойынша Жайсыз отбасы-3 (балалар саны 7). Жағдайы төмен және көп
балалы ,аз қамтылған ,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және толық емес
отбасынан шыққан бала саны 133 болды. 133
бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оның 65-і көпбалалы, 60-ы толық
емес отбасынан шыққан балалар және
ата-ана қамқорлығынсыз қалғаны 8 бала. Осы балалар ішінен «Мектепке жол»
акциясында 20 балаға көмек берілді. Нақтырақ атасақ,оның ішінде көпбалалы
отбасынан шыққан бала -15 және аз қамтылған отбасынан шыққан бала-5. Атап
айтқанда: 1. «Тараз трансэнерго»
ГКП ұжымы 5-балаға 175000тг- мектеп формасын, мектепке керек
құрал жабдықтар, сумка, аяқ киім, денешынықтыру формасын алып берді.2.
ГРС-ұжымы 10 балаға 150 000тг- сумка, мектепке керекті құрал
жабдықтарын алып берді. 3. Қалалық әкімдік тарапынан 1 балаға 35000тг- Форма, аяқ киім, сумка,
мектепке керек құрал жабдықтар, денешынықтыру кимдерін алып берді.4. Мектебіміздің
2008 жылғы түлегі ,ТарМУ-нің мұғалімі Асель Аскаровна 2 балаға мектепке керек құрал жабдықтарын 4500
тг. алып берді. Мектеп мұғалімдері тарапынан жағдайы төмен
және көп балалы отбасылардан шыққан 5
балаға көмек көрсетілді. Одан бөлек мектеп әкімшілігі тарапынан 4 оқушыға көмек
берілді. Мектеп директоры,яғни мен 1 оқушыға мектеп формасын алып бердім.
Көп балалы
отбасынан шыққан -20 бала,ата-ана қамқорлығындағы 6 бала , аз қамтылған
отбасынан шыққан 9 бала және және толық емес отбасынан шыққан 13 бала, барлығы 47 бала «Рауан» және «Болашақ» жазғы сауықтыру лагеріне
барып, демалып қайтты. Нақтырақ айтсақ, «Рауан» лагерінде 24 бала,
«Болашақ» лагерінде 23 бала демалды.
2017-2018 оқу жылы мектеп оқушылары 100% оқулықпен
қамтылды.
Мектептің
шаруашылық бөліміне тоқталсақ,тамыз айында Жамбыл жылу мекемесі мектепке 6 урно және 6 сыртқа қойылатын
орындықтарын сыйға тартты.2017-2018 оқу жылына бөлінген қаражат мектепті әрлеу
жұмыстарына жұмсалды.Нақтырақ тоқталсақ: 20 дана колер- 18,400 тг.,ақ бояу
200кг. -80,416 тг.,қоңыр бояу- 80,416 тг.,орташа валик 15 дана – 3,525
тг.,Эмульсия 200 дана – 26,802 тг.,растворитель 20 дана- 7430,6 т.,бояу бояғыш
50мм. 15 дана- 1229,85 т.,63 мм. бояу бояғыш 10 дана – 1029,9 т.,38 мм. Бояу
бояғыш 15 дана- 1020 тг.
Біздің ертеңгі жоспарымыздың орындалуына,көздеген
мақсатымызға қол жеткізу үшін,құрметті ата-аналар сіздердің қолдауларыңыз
қажет.
«Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер
болмайды» демекші, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе,
ынтымақтастықта жұмыс жасасақ, біз ала алмайтын қамал болмас деп өз есебімді
қорытындылағым келеді.