05
март
2018
100 жаңа есім
Ақжүрек Таңатаров – спортшы
Ол қалай айтсақ та тәуелсіздік жылдарында жасындай жарқыраған жұлдызды спортшы. 1986 жылы Алматыда қазақ жастары «Желтоқсан» оқиғасына қатысып, ұлт азаттығын талап еткен шақта Ақжүрек Таңатаров дүние есігін ашты. Шынашақтайынан шымыр денелі Ақжүрек Тәуелсіздіктің елең-алаңында еркін күрес секциясына жазылады. Азат елдің асқақ ойлы азаматы сол бір балаң шағында Олимпиада ойындарында атой саламын деп ойлады ма екен?! Сол жылдары ғой, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов бастаған жамбылдық жампоздар Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Олимпиада ойындарында-ақ абыройын асырып, қос бірдей жүлдемен (күміс, қола) оралды. Боксшы ағаларының жеңісті жорығы тұла бойы намыстан жаралған Ақжүректі де спорт залға жетектеп келген еді. Мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қоржынына Олимпиада жүлдесін салу.

Ақжүрек Жамбыл облысы Қоған ауданы Құмарық ауылында 1986 жылы дүниеге келген. Сол ауылда 3-ші сыныпқа дейін білім алып, 1996 жылы әкесі оны күреске қатыссын, осы балам спортшы болсын деп қалаға көшіпті.
Ақжүрек - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы, Азия чемпионы.
Ақжүрек Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ақжүрек Таңатаров Дели төрінде өткен Азия чемпионатында 70 келі салмақта алтын алды. Жерлесіміз ширек финалда монғолиялық Хатанбатаар Даваатсеренді ұтса, жартылай финалда жапониялық Моможира Накамураны 11:7 есебімен тізе бүктірді. Финалда Ақжүрек өзбек балуаны Ихтиор Новрузовты да 11:7 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Ғалым Арыстанбаев Қазбекұлы – полиция сержанты, көпбалалы әке, үлгілі отағасы. Қазіргі таңдам 11 бала тәрбиелеп отыр, 6-ы ұл, 5-і қыз. Олардың 8-і жетімдер үйінен алынған әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары, олардың ішінде қазақ, әзербайжан, қытай, өзбек, сыған, орыс, ұйғыр, татар бар. Ол әйелімен отбасы типіндегі балалар үйін ашқан. Ғалым өз әйелінің керемет қолдау көрсететінін айтады. Әйелі Әлиямен 10 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келеді.
Ғалымның айтуы бойынша олар бір-бірін түсініп, толықтырып отырады, сол үшін де олардың отбасы түсіністікпен бақытта өмір сүріп жатыр.
Балалардың тәрбиесімен көбінесе сержанттың әйелі айналысады. Мамандығы бойынша - мұғалім. Ол өзін қазір тек отбасына арнайды, жұмысынан шыққан. Әйелінің мойнында үй мен баланың қамы. Ал Ғалым Арыстанбаев көп жылдан бері Отаны үшін аянбай қызмет етіп келеді.
Айтар болсақ отбасындағы бірлігі үшін Арыстанбаев «Мерейлі отбасы» конкурсында 1-орынға ие болған. Конкурс 3 турдан тұрған, 44 қатысушы болған. Бұл жетістікпен отбасы тоқтап қалғысы жоқ, олар өздерінің кішкентай үй типіндегі балалар үйін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бекзат Ахметбеков - спорттық жекпе-жек, самбо, дзюдо бойынша спорттық жарыстың қатысушысы болды.
2012, 2013, 2014, 2015 жылдары самбодан күміс медальмен марапатталды. 2012, 2013 жж. Азиада ойындарының Чемпионатының жеңімпазы атанды. 2017 жылы Қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. Қазақ күресінен Қазақстан чемпионы аталады.
Қытай, Үндістан, Өзбекстан секілді елдерде халықаралық чемпионаттарға қатысқан. Әртүрлі спорттық сайыстарға қатысушы бола тұра өзін талапкер спортшы, өз ісін білетін азамат ретінде таныта білген.