география пәнінің мұғалімі » СШ №32
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)57-64-12
Қосымша байланыс:
+7(7262)57-67-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» география пәнінің мұғалімі
24
январь
2023

география пәнінің мұғалімі

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №32 ОРТА МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

География пәнінің мұғалімі(1 жүктеме-тұрақты орын).
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – мастер" санатының болуы.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды
Лауазымдық міндеттер –
Отанның ұлттық байлықтарын аялай қарауға, шаруашылықта жеткен жетістіктерге деген мақтаныш сезіміне, оның даму болашағына деген жауапкершілікке;
• Қазақстандық отансүйгіштікке, өзара көмектесуге деген құлшынысқа, Қазақстан мен дүние жүзі халықтар арасындағы достыққа;
• Халықаралық саяси-экономикалық өмірдегі деректер мен құбылыстарды дұрыс түсінуге және бағалай білуді;
• Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, әсіресе объектілер мен құбылыстарды кешенді түрде қарастыру кезінде, өз ойларын картамен байланыстыра білуге;
• Табиғатқа және табиғат пен қоғамның өз ара қатынасына диалектикалық – материалистік көзқарасты қалыптастыруға;
• Қазіргі заманғы дүние жүзілік экономиканың дамуының негізгі бағыттарымен таныс болуға, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының жетістіктерін қорғауға, Жер бетіндегі халықтармен интернационалдық ынтымақтастық сезімде, белсенді өмірлік көзқарасқа;
• Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін керекті білім мен біліктілікке үйренуге, өндірістік қызметінде, өнеркәсіптік жэне қоғамдық өмірде атсалысудың маңызды жағдайы ретінде оқушыларды экономикалық география мен экономика саласында өзіндік білімін көтеруге дайындауға мақсат етеді.
География пәнінің оқу – тәрбиелік міндеттері.
География пәнін мектепте оқыту барысында келесі міндеттер шешіледі:
1. География ғылымы және онымен жапсарлас бірқатар Жер қоғам туралы ғылымдарды игеру, табиғат аясында жасай білу ережелеріне сай үйренген географиялық білімді кәсіптік қызметке қолдана білуді игеру.
2. Географиялық , саяси экономикалық ақпарат көздерімен, карталармен, тұрмыстық және кәсіптік міндеттерді шешу үшін электронды-есептегіш техникамен жұмыс істей білу.
3. Өз аймағындағы табиғи және шаруашылық ахуалды бағалау. Оқушылардың оқу жұмысына қажетті икемін қалыптастыру, логикалық дамыту, жадын, тілін, аумақ образын жасай білу, қоршаған ортаны эстетикалық қабылдай білу, өмірге деген шығармашылық көзқарас пен тұрақты түрде дамуға және өздігінен білімін көтеруге тырысу қабілеттерін дамыту.
Географиялық білім міндеттерін шешу барысында қазіргі заманғы география толық ғылымдар жүйесі болып табылатындығы басты назарда болды. Ол екі негізгі тарамдарға - физикалық және экономикалық география салаларына бөлінеді. Бұл бөліну география ғылымы зерттейтін обьектілердің өз танымынан туындайды, бір жағынан табиғат құбылыстары, екінші жағынан қоғамдық құбылыстар.
Физикалық география жаратылыстану ғылымдары анықтайтын табиғи құбылыстарын географиялық тұрғыда зерттейді.
Экономикалық география қоғамдық ғылымдар анықтаған заңдылық-тарға негізделген қоғамдық құбылыстарды зерттейді.
География ғылымдарының қазіргі замандық деңгейі зерттеу аумақтарының, әсіресе, Қазақстан Республикасының географиялық ерекшеліктерін, теориялық зерттеулер мен ғылыми түсініктер жүйесін теріп алу және дидактикалық өңдеу міндеттерін қойып отыр.
Қазіргі заман географиясының даму үрдісі мен оның табиғатты қайта қалыптастыру мен тиімді пайдаланудағы ролінің өсе түсуін еске ала отырып, географияның барлық курстарында табиғи ресурстарды зерттеуге адам қоғамы мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне, табиғат қорғауға, минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға баса көңіл аудару керек.
Бұл мәселелер оқу материалының бүкіл мазмұны арқылы өтетін болуы тиіс.
География - жалпыға міндетті білім мен фундаменталдық оқу пәндерінің ішіндегі Жер планетасы туралы толық түсінік беретін, бір мезгілде жаратылыстану жэне қоғамдық ғылым болып табылатын жалғыз пән. Ол географиялық білімдердің орта мектепте алатын Жалпы ғылыми білімдер арсеналындағы синтездеуші функциясын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, оқушылардың қоршаған әлем туралы білімдерінің толықтығы мен біртұтастығын талап ететін дәстүрлі жэне қазіргі замандық оқу әдістерінің және Жер туралы ғылымдар жүйесінің білім жинақтау құралдарының көмегімен біздің Планетамыз туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру «География» пәнінің оқу функциясының негізгі мазмұны болып табылады.
Лауазымдық жалақысы:132 000 мың тг




Похожие публикации:

12 октябрь 2022 Хабарландыру!!!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив