25
октябрь
2019
«Қамқоршылар» күніне арналған «Балаларға мейірім сыйла» тақырыбында іс – шара
Анықтама
№32 орта мектебінде «Қамқоршылар» күніне арналған «Балаларға мейірім сыйла» тақырыбында іс – шара өткізілді. Мектеп фоесінде бұрыш ұйымдастырылды. Қамқоршылар мен қамқорлықтағы балалармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Әлеуметтік педагог А.М.Байдуалиева дөңгелек үстел ұйымдастырып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Сүлейманова, мектеп психологтар Г.Маханова, С.Сураншиева, балалардың қамқоршылары, қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қамқоршыларды құрметтеу, олардың ата – аналық махабат сезімін дамыта отырып, мектеп пен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Дөңгелек үстел барысында мектеп психологтары психологиялық тренингтер мен ойындар өткізді. Іс – шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Сүлейманова қамқоршылар мен қамқорлықтағы балаларды құттықтай отырып, мерекелік сыйлықтар тапсырды.

