«Армысың, әз- Наурыз!» мектепішілік мерекелік бағдарлама
№32 орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай, мектептің мәжіліс залында наурыздың 20-сы күні сағат 12.00-де қорытынды іс-шара директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сулейманова Айман Аятқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік іс-шара тақырыбы «Армысың, әз- Наурыз!».Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сахнада « Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында баннер ілінді және шарлар,гүлдермен безендірілді. Мектеп Фоесінде «Қазақтың ұлттық бұйымдары» көрмесі ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара мынадай бөлімдері қамтыды:Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау, көктемді қарсы алу, қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру және оны көрсету, түрлі ұлт өкілдерінің әндері мен билерін тамашалау,ұлттық ойындардан көрініс және соңы «Достығымыз жарасқан» тақырыбында күннің шуағының астында түрлі ұлт өкілдерінің бас қосуы композициясы.
Мерекенің өтуіне мектептің ата-аналар қауымдастығы да атсалысты. Барлығы 65 оқушы және 20 мұғалім қамтылды. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара мектеп ұжымы мен ұстаздары, оқушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
![]() |
|