25
август
2018
Қамқоршылық кеңес жиналысы №5 хаттама
Қамқоршылық кеңес
жиналысы
№5 хаттама
Тараз қаласы
Өткізілген күні 25.08. 2018 ж.
Өткізілген орны №32 орта мектебі
Басталуы 11.00 - де
Қатысушылар ата-аналар – 6
Өткізілу формасы : жиналыс
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер
1.Мектеп директорының 2017-2018 оқу жылындағы атқарылған
іс-шаралары туралы тамыз айындағы
мектептің Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі
Тыңдалды
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қамқошылық
кеңес төрайымы Жаманқұлова П.М. бүгінгі жиналысты ашып,қамқоршылық кеңес
мүшелерін келе жатқан жаңа оқу жылымен
құттықтап,жұмыстарына сәттілік тілеп, Сөз кезегін қаралатын мәселе бойынша
мектеп директорына берді.
Мектеп директоры
өз есебін Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 30
елдің қатарына қосылу туралы алдымызға міндет қойғаны туралы және білім беру
жүйесін жетілдіру сол мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқаратынын айта
келе,өз мектеп ұжымының аянбай еңбек етуінен бастады.Жалпы мектепте барлығы 83
мұғалім жұмыс істегнін айта отырып,сапалық құрамына тоқтап өтті. Жалпы мектеп
бойынша 38 сынып комплектісі,оның
6-ы даму мүмкіндігі тежеу
сыныптар,3-еуінің мектепалдыдаярлық сынып екендігін айтты. 2017-2018 оқу жылындағы оқушылардың білім сапасы
61 % -ға артқанын айта келе 1,2,5,7 сыныптардың
жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде
қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Пән олимпиадаларындағы
нәтижелерін,мектептің рейтінгісінің бастысы –ҰБТ көрсеткіші екенін және биылғы
оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы орташа балл 78,1 % ,бұл көрсеткіштің 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда 11,8 балға
артқанын айтып, ең жоғарғы көрсеткішті 111 балл ТөлеубековБ. жинағанын айтты.Мектептің
тәрбие саласы да қамтылды.Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілгенін,мектеп
фоесінде,кітапханада арнайы бұрыш,стенд жасалғанын атап өтті. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында киелі жерлерге саяхат,кездесулер,тәрбие сағаттары және Ұлттық
бірегейлікті сақтау бағыты бойынша «Тараздың инабатты аруы-2018» байқауында 11
сынып оқушысының Бас жүлдені иеленгенін мақтанышпен айтты...Сонымен қатар
,мектептегі үйірме жұмыстары,мектепке қарасты мөлтек аудан бойынша
есеп,жасөспірімдердің құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша есепте
балалардың тұрмағаны туралы ,жазғы сауықтыру лагеріне 47 жағдайы төмен,аз
қамтылған отбасынан шыққан балалардың демалып қайтқанына жете тоқталды. 133
баланың ыстық тамақпен қамтылғанын және «Мектепке жол» акциясында 20 балаға
көмек көрсетілгені жайында баяндап,есеп соңын мектептің әрлеу жұмыстарына
бөлген қаржы туралы баяндап аяқтады.
Сөз алды
Тленшиев Р.К.мектеп
директорының есебін тыңдай отырып,Қанат Мылтықбаевичтің 2017-2018 оқу жылында
оңды істердің басшысы бола білгенін тыңдап,көріп отырғандығын айтты.Білім
сапасының жоғарылағаны және ҰБТ –тің
жақысы нәтиже көрсеткендігіне қуантарлық жағдай екеніне тоқталды..Болашақта
қамқоршылық кеңестің мектептің барлық іс-шараларында жаршысы болуға шақырды.
Бексұлтанова Б.С.
атқарылған істердің үнемі куәсі болатынын,себебі қызының байқауларда жүлделі
орын иесі екенін айтты... Мектеп формасына тоқталып өтті... келесі оқу жылында
оқушылардың біртүсті көк форма кию керектігін баса айтты.
Жаманқұлова П.М.
қамқоршылық кеңес төрайымы 2017-2018 оқу жылындағы мектеп директорының есебін
тыңдай келе,мектептегі оқу-тәрбие ,шаруашылық салаларының өз жүйесімен жүріп
жатқанын,оқу жылындағы жетістіктер педагогтардың аянбай еткен еңбегінің жемісі
екендігін, тек үштік одақ : мектеп -ата-ана –ұстаз бірлесе жұмыс жасағанда
ғана,осындай жетістіктерге қол жеткізуге болатындығын атап көрсете
отырып,мектеп директорына болашақта қосымша ақылы сабақтар ұйымдастыру немесе
жеке оқу –білім орталықтарымен ынтымақтастық орнату-білім сапасын көтеруге
апаратын жол екендігін ұсыныс ретінде айтып өтті.
Шешімі:
1. Мектеп директорының 2017-2018 оқу жылындағы атқарылған
іс-шаралары қанағаттанарлық деп табылсын.
Қамқоршылық кеңес төрайымы Жаманқұлова П.А.
Қамқоршылық
кеңестің хатшысы
Еспаева М.