Ашық есік күнгі ата-аналарды қабылдау
Ашық есік күнгі ата-аналарды қабылдау іс-шарасының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні:06.09.2019 жыл сағат:15.00
Күн тәртібі:
- «Ашық есік» өткізе отырып, ата-аналарды толғандырып жүрген мәселелерді тыңдап, ортақ шешім қабылдау.
Қатысқандар: Мектеп директоры -Қ.М.Иманов
Хатшы-ДҚТІЖО Ф.У. Ережепов
ДОІЖО – Л.С. Тюмебаева
ДОІЖО – Т.В.Леоненко
ДӘІЖО – Қ.Ш.Абитова
ДТІЖО – А.А.Сулейманова
Сөз алды: Мектеп директоры Қ.М.Иманов
Саламатсыздар ма құрметті ата-аналар бүгін біз қалалық білім бөлімінің
бастамасымен ата-аналарға арналған «Ашық есік» күнін ұйымдастырып
отырмыз, өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтар болса біз тыңдап, жауап
беруге дайынбыз. Сұрақтарыңыз болса қоя берулеріңізге болады.
Тыңдалды: 5 «В» сыныбының ата-анасы Парамонова Наталья
Сұрақ: Жаңа оқу жылындағы оқушылардың мектеп формасына қойылатын
талаптар туралы айтып өтсеңіз.
Тыңдалды: Мектеп директоры Қ.М.Иманов
Жауап: Мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын
талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардығы №26 бұйрығына
сәйкес , мектеп үлгісіне сай киінуге міндеттіміз:
а)Ұлдар үшін: ақ, көйлек, қаракөк түсті костюм- шалбар жане галстук
ә )Қыздар үшін: формасының ұзындығы тізесімен бірдей болу керек, ақ
көйлек,қара көк костюм, юбка, бас киімсіз
б) Спорт киімі:үсті –ақ,төменгі жағы-қара түсті,кроссовки (кеды)
в) Биік өкшелі аяқ киім кимейміз
4.Мектеп ішінде сырт және бас киіммен, орамалмен жүруге болмайды.
Тыңдалды: 1 «Б» сыныптың ата-анасы Тұрысбеков Жанболат
1-сыныптардың жұмыс дәптерлері беріледі ме, әлде өзіміз сатып
алуымыз керек пе?
Тыңдалды: Мектеп директоры Қ.М.Иманов
Жауап: Өте орынды сұрақ. Өткен оқу жылы оқулықпен бірге жұмыс
дәптерлері де берілген болатын, биылғы оқу жылында берілген жоқ. Мен
сынып жетекшілерге тапсырма бердім, жай дәптерге жұмыс жасай
беріңіздер деп. Сіздерден ешкім жұмыс дәптерлелді сатып алыңыздар
деп талап етпейді. Ал оқулық 100 % жеткілікті.
Тыңдалды: 9 сыныптың сыныптың ата-анасы Васильева Гульмира
Сұрақ: Тегін ыстық тамақпен қанша оқушы қамтылған және ақылы
тамақтың ақысы қанша болады екен?
Тыңдалды: Мектеп директоры Қ.М.Иманов
Жауап: 2019-2020 оқу жылында Тараз қаласының әкімінің қаулысы
бойынша мектебімізде 137 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған болатын.
Осы оқу жылына тізім жаңартылып, ата-аналардан тегін істық тамақ ішуге
қажетті құжаттар жиналуда. Ақылы ыстық тамақ бағасы 250 теңге.
Шешім:
- Алдағы уақыттарда да мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс болу үшін «Ашық есік» күндері, дөңгелек үстелдер, жиналыстар ұйымдастырылып өткізілсін.
- Ата- аналардан заңсыз қаражат жиналмасын.
- Оқушылар мектепке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардығы №26 бұйрығына сәйкес киінсін.
Мектеп директоры: Қ.М.Иманов
Хатшы: Ф.Ережепов


