29
май
2019
"Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
№32 орта мектебінде 2018-2019 оқу жылындағы 25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды өткіздік. Жиынымызды мектеп директоры: Иманов Қ.М. алғыс сөзімен бастады. Салтанатты жиынға қалалық білім бөлімінің әдіскері Аяпбергенова Толғанай Мухаммедиева қатысты. Сонымен қатар, ардагер ұстазымыз Жанекеева Рабиға Ыбышбайқызы қатысып жас түлектерге деген ақ батасын берді. 11-сыныптың ата-аналары, сынып жетекшілері және бастауыштағы алғашқы ұстаздарының ақ тілектері айтылып «Жас түлектерге» қанат бітіргендей болды. Мектебіміздің дарынды оқушыларымен «Дарындылар шеруі» өткізілді. Одан әрі қарай 11-сынып оқушылары «Жас түлектердің концерттік бағдарламасымен ұласты». 10-сынып оқушыларына жас түлектер «Білім кілтін» табыстады. Салтанатты жиын соңында Жас түлектерге «Сәтті сапар» тілеп үлкен өмір жолына аттандырып, ортамыздан шығарып салдық.
