«Алғыс айту» күні
«Алғыс айту»
1наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебімізде іс-шаралар жоспары құрып бекітілген. Жоспарға сәйкес ,іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өзге ұлт өкілдерінің өміріне,мәдениетіне,салт-дәстүрлеріне,ұлттық өнеріне деген қызығушылығын қалыптастыру,әр ұлттың өкілдерін толеранттық қарым-қатынасқа тәрбиелеу,азаматтық-патриоттық тәрбие аясында ұлттық сана сезімді қалыптастыру.
Мектеп кітапханасында «Қазақ еліне тағзым!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1-11 сыныптар арасында «Алғыс айту күні» ,орыс сыныптарында «Спасибо тебе,Казахская земля!» тақырыбында тәрбие сағаттары, «Бір шаңырақ астында» фестиваль, «Бір тудың астында!» спорттық жарыстар,мектеп фойесінде «Жас ұлан» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ақ тілек» тақтасы,апталық соңы «Ризамын,саған елім!» атты мерекелік концерттік бағдарламасымен аяқталды.

